Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы (2023.24.05. берілген өзгерістермен)
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 15 наурыздағы № ҚР ДСМ-22 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023.02.05. № 79 бұйрығымен күші жойылды (2023 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|