2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың
ҚР 2016 жылғы 25 ақпандағы № 462-V Заңымен ратификацияланды 2016 жылғы 31 желтоқсанда күшіне енді
2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шарт негізінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорына қатысушылар болып табылатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Армения Республикасы (бұдан әрі - Қорға қатысушы мемлекеттер) бір тараптан және 2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісімге сәйкес құрылған, халықаралық ұйым болып табылатын Еуразия даму банкі (бұдан әрі - Банк) екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп атала отырып, 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 9-бабының 2-тармағына сәйкес төмендегілер туралы келісті:
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін: 1. Келісімнің атауындағы, кіріспесіндегі және мәтіні бойынша «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қоры» және «ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қоры» деген сөздер тиісті септікте «Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Келісімнің 1-бабы мынадай мазмұндағы жаңа 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Банк Қор туралы ережеге және Қор қолданатын басқа да құжаттарға сәйкес Қор Кеңесі хатшылығының функцияларын орындайды. Банк көрсетілген функцияларды орындау кезінде өзінің Қор Кеңесінің хатшылығы ретінде әрекет ететінін көрсетеді.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|