Астана қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ: 1. Ұсынылып отырған Астана қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары бекітілсін. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 237/32-VII шешіміне қосымша
Астана қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары
1. Осы үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бап, 2-2-тармағына, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1 тармақ 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді және үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің тәртібін белгілейді. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: 1) жануардың иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға; 2) жауапты адам – жануар иесінің Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам; 3) ұстау орны – жануардың иесі және (немесе) жауапты адам пайдаланатын, жануар ұсталатын ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар немесе жер учаскелері; 4) үй жануарлары (компаньон жануарлар) (бұдан әрі – үй жануарлары) – қай түрге жататындығына қарамастан, адам эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|