Күршім ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 17/8-VII шешімі
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8 бабының 2 тармағына, 11 бабының 1 тармағына. Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы»Заңының 27 бабына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Күршім ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Күршім ауданының ауылдық округтерінің елді мекендерінің жерлерін бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері, осы шешімнің 2қосымшасына сәйкес бекітілсін. 3. Күршім аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын: 1) «Күршім ауданы Күршім, Маркакөл ауылдарының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 7/9-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4859 болып тіркелген) шешімі; 2) «Күршім ауданы Күршім, Теректі ауылдарының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Күршім аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 7/9-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 9/7-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5050болып тіркелген) шешімі. 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 30 наурыздағы № 17/8-VII шешіміне қосымшасы
Күршім ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
2022 жылғы 30 наурыздағы № 17/8-VII шешіміне 2-қосымшасы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|