«Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32767 болып тіркелген) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімінде: «Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өнімді экспорттау, кері экспорттау, транзиттеу және қайта өңдеу кезінде ерекше тауарлардың бақылауына жататын өнім» деген бөлімде: 2В001.b тармағы 5 тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылсын: «5. Сандық бағдарламалық басқарылатын (8458 тауар позициясындағы токарлық станоктар мен көп мақсатты токарлық станоктардан, айналмалы басы бар станоктардан, бұрғылау станоктарынан, бұрғылау-фрезерлік станоктардан, бұрғылау станоктарынан және тізе үлгісіндегі фрезерлік станоктардан басқа): a. аспаптық (СЭҚ ТН коды 8459 61 100 0); b. орналасу дәлдігі 0,01 мм-ден төмен емес және жұмыс аймағы бар: Х осі-1800 мм, у осі-2000 мм, Z осі-1100 мм (СЭҚ ТН коды 8459 61 900 1).»; 2В001.g тармағы 3 және 4 тармақшалармен мынадай мазмұнда толықтырылсын: «3. Көп мақсатты металл кесетін, көлденең: сандық бағдарламалық басқарумен(көп мақсатты токарлық станоктарды қоса алғанда) (СЭҚ ТН коды 8458 11 200 0); а. авиация өнеркәсібі үшін жоғары жылдамдықты жетегі бар (6000 айн/мин және одан көп, бірақ 8000 айн/мин аспайтын) (СЭҚ ТН коды 8458 11 410 1); в. көп шпиндельді (СЭҚ ТН коды 8458 11 490 0). 4. Көп мақсатты металл кесетін сандық бағдарламалық басқарумен (көлденең токарлық станоктарды қоспағанда): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|