|
|
|
Осы редакция 2017 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына 5-қосымша
«I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «I санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызмет Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік ирспекциялау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы - 2 (екі) айдан аспай беріледі; қайта ресімдеу мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы - 1 (бір) айдан аспай беріледі; алдын ала сараптама - 5 (бес) жұмыс күннен аспай; Қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылданған кезден бастап бес жұмыс күн аралығында ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді. Егер ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталса қызмет беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қарастырылмайтынын жазбаша түрінде дәлелдеп қайтарады. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |