Білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға 2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 100 Қаулысы (2020.11.02. берілген өзгерістермен)
Қостанай облысы әкімдігінің 2020.11.02. № 60 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қостанай облысы әкімдігінің 2020.11.02. № 60 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға 2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін. 2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін; 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысы әкімдігінің 2020.11.02. № 60 Қаулысымен мемлекеттік білім беру тапсырысы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|