|
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 172 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 301 бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабы 2-тармағының 16) және 17) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына, сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Мыналар: 1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы тұрғысынан электрондық құжаттар мен электрондық архивтерді пайдалана отырып іс-қағаздарын жүргізу мәселелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 3) осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың сақталуын тексеру парағы; 4) осы бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы тұрғысынан электрондық құжаттар мен электрондық архивтерді пайдалана отырып іс-қағаздарын жүргізу мәселелері бойынша тексеру парағы бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|