Осы редакция 2016 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына 2-қосымша
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қоғау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші ) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - ХҚО) халыққа қызмет көрсету орталықтары; 2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді), сондай-ақ порталға жүгінген кезде: лицензияны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні; лицензияның телнұсқаларын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут; 3) ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|