|
|
|
Нұр-Сұлтан қаласында Шектеу және карантин шаралары туралы
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жыл 16 наурыздағы № 6 Қаулысымен күші жойылды
Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С. Бейсенова, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу мен таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі «Шектеу, карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 42 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 43 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 47 қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 52 қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 54 қаулысы, «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 Қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4 қаулысы, «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6 қаулысы, «Білім беру ұйымдарындағы шекаралық іс-шараларды алып тастау туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 8 қаулысы, «Қазақстан Республикасында covid-19 коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың паспорттарын/сертификаттарын/анықтамаларын тану туралы «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 9 қаулысы, «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 10 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 11 қаулысы негізінде, Нұр-Сұлтан қаласының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі қойылатын талаптарды қатаң сақтауы тиіс: 1.1. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформалар арқылы (мысалы, EGOV mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажет; 1.2. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауы тиіс. 2. Кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі-COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында мынадай қаулылармен бекітілген объектілердің жұмыс алгоритмдері талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін: - «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысы; - «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысы; - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі «Шектеу, карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 42 қаулысы; - «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 43 қаулысы; - «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 47 қаулысы; - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 52 қаулысы; - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 54 қаулысы; - «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысы; - «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4 қаулысы; - «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысы; -«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6 қаулысы, - «Білім беру ұйымдарындағы шекаралық іс-шараларды алып тастау туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 8 қаулысы, - Қазақстан Республикасында covid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациялаудың паспорттарын/сертификаттарын/анықтамаларын тану туралы «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 9 қаулысы, - «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 10 қаулысы; - «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 11 қаулысы. 3. Кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысымен, «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысымен, «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің критерийлерімен, «Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына» байланысты объектілердің жұмыс режимін орнату. 4. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілеріне: 4.1. келесі кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыруды жалғастыруды: 1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары; 2) спа-орталықтары; 3) моншалар, сауналар, бассейндер; 4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; 5) боулинг клубтары; 6) кинотеатрлар; 7) театрлар мен филармониялар; 8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, банкет залдары; 9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері; 10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар; 11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар; 12) бильярд клубтары; 13) концерт залдары; 14) караоке; 15) көрмелер; 16) океанариум; 17) марафондар; 18) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар; 19) аэропорты; 20) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар; 21) балалардың ойын-сауық орталықтары (жабық); 22) цирктер; 23) отельдер, қонақ үйлер; 24) халыққа қызмет көрсету орталықтары; 25) темір жол және автовокзалдар; 26) базарлар (жабық), сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері; 27) сауда желілері (сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын азық-түлік, сауда алаңы, 1000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес сауда алаңы); 28) балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін); 29) букмекерлік конторалар; 30) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары; 31) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдер), 18 және одан жоғары жастағы білім алушылардың келушілері үшін; 32) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары; 33) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін); 34) діни объектілер; 35) ойын клубтары (казино); 36) түнгі клубтар; 37) банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері. 5. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына: 5.1. Қала тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация жүргізу бойынша бақылауды күшейту. 6. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына, Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасына: 6.1. халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін; 6.2. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін; 6.3. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін. 7. Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін. 8. «Нұр-Сұлтан қаласында Шектеу және карантин шаралары туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 қаулысы, «Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шаралары туралы» 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 3 қаулысы, «Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шаралары туралы» 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 4 қаулысы күші жойылды деп танылсын. 9. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |