Темір ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 15 бабының 1 тармағының 2-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Темір ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары, осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9- қосымшаларына сәйкес бекітілсін. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 26 шілдедегі № 81 шешіміне 1-қосымша
Ақсай ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспар
Осы Ақсай ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылдың 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|