Жолтабаны 1435 мм теміржол жолдары
ҚР СТ 1679-2007
Мазмұны
8 Құрастырылымы əр түрлі жолдарды жөндеу ерекшеліктері 9 Жолды жөндеуден кейін қабылдау 10 Жол жөндеу кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету Б қосымшасы. Жолды күрделі жөндеуден кейін қабылдауға қойылатын техникалық шарттар
Осы стандарт жолтабаны 1435 мм теміржол жолын күрделі жөндеуден өткізуге қойылатын техникалық талаптарды белгілейді. Осы стандарт жолаушылар жəне рефрижераторлық пойыздардың жүру жылдамдығы 100 км/сағ. дейін жəне жүк пойыздарының жылдамдығы 70 км/сағ. дейін, саптамасы 1360 мм жəне шақтамасы 3 мм болатын қос дөңгелекті жылжымалы құрамы арқылы қатынайтын, жолтабаны ені 1435 мм қосарланған жол бағыттамаларын, жолдардың қосылуы жəне қиылысуы ауыстырылатын жолдарды сақтауға жəне жөндеуге арналған ұйымдар қолдануға арналған.
Осы стандартта мынадай стандарттарға сілтемелер пайдаланылды: ГОСТ 16016-79 Теміржол жолдарының рельстік бекітпесіне арналған клеммалық бұрандамалар. Құрастырылымы мен өлшемдері. Техникалық талаптар. ГОСТ 16017-79 Теміржол жолдарының рельстік бекітпесіне арналған орнату бұрандамалары. Құрастырылымы мен өлшемдері. Техникалық талаптар. ГОСТ 11532-93 Теміржол жолдарының рельстік түйіспе бұрандамала- рына арналған сомындар. Техникалық шарттар. ГОСТ 7392-2002 Теміржол жолының балласттық қатпарына арналған тығыз тау жыныстарынан жасалған шағыл тас. Техникалық шарттар.
Осы стандартта тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады: 3.1 Балласт тазартатын машиналар (БТМ): Жұмыс жағдайында жол торы алынған кезде жүріс азайтқышпен жабдықталған Т-100М тракторларымен тарту арқылы қозғалатын балласт тазартатын арнайы машина. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|