Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының (Анкара қ., 2016 жылғы 1 қаңтарда)
ҚР 2017 жылғы 16 наурыздағы № 54-VI Заңымен ратификацияланды 2017 жылғы 3 қазанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі 1994 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ғылым, техника және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) ережелерін назарға ала отырып, екі мемлекеттің қарулы күштері арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің оқу-жаттығуларын өткізуіне және қабылдаушы Тараптың қолдау ұсынуына байланысты мәселелерді реттеуді қалай отырып, төмендегілер туралы өзара түсіністікке қол жеткізді:
Осы Меморандумның мақсаттары үшін мынадай анықтамалар мыналарды білдіреді: 1) жіберуші Тарап - қабылдаушы Тарап мемлекетінің аумағына уақытша әкелуге және онда пайдалануға рұқсат етілген, жіберуші Тараптың меншігі болып табылатын, оқу-жаттығуды өткізу кезеңінде қажетті қару-жарағы және әскери техникасы бар бөлімшені, әуе кемелерін, арнайы құралдарды, оқ-дәрілерді, азық-түлікті, медициналық мүлікті, сондай-ақ басқа да материалдық-техникалық мүлік пен шығыс материалдарын жіберуші Тарап; 2) қабылдаушы Тарап - өз мемлекетінің аумағында оқу-жаттығуға қатысу үшін жіберуші Тараптың бөлімшесін қабылдайтын және орналастыратын Тарап; 3) қабылдаушы Тараптың қолдауы - оқу-жаттығуды өткізу уақытында қабылдаушы Тарап жіберуші Тарапқа көрсететін азаматтық және әскери қолдау (көрсетілетін қызметтер); 4) әскери орган - Тараптардың әрқайсысының оқу-жаттығуды өткізуге жауапты тиісті бөлімшесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|