Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016.01.03. № 54 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.28.05. № 133 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 169 қаулысымен бекітілген
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 120 Қаулысымен күші жойылды
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2018.28.05. берілген өзгерістермен)
1. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №179 «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда №11057 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті (бұдан әрі -Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|