Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оларды орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|