Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 418 бұйрығына 4-қосымша
Кәсіптік стандарт: «Азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару»
1-ші тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: Кәсіптік стандарт «Азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару» ҚР «Кәсіби біліктіліктер туралы» Заңының 5-бабына сәйкес әзірленген және білім беру бағдарламаларын, соның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқыту, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен түлектерінің кәсіби біліктіліктерін тану және азаматтық авиация ұйымдарында ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады: 1) авиациялық персонал - арнайы және (немесе) кәсіби даярлықтан өткен және келесі қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлғалар: әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету бойынша диспетчерлік персонал, авиациялық станция операторлары, мамандар); теңіз қондырғыларында орналасқан тікұшақ алаңдарындағы тікұшақтардың ұшуын жерден қамтамасыз ету (персонал, маман); азаматтық авиация саласындағы кәсіпорындар мен авиациялық оқу орталықтарын басқару; 2) азаматтық авиация - ҚР «ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының 6-бабының 3-тармағында көзделген мақсаттарда пайдаланылатын эксперименттік және мемлекеттік авиация құрамына кірмейтін авиация; 3) әуеайлақ қызметі - әуежайдың (тікұшақ айлағының), әуежайдың объектілерін қауіпсіз пайдалануды, ұстауды және жөндеуді қамтамасыз етуге арналған азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|