ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 19-бапта: үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы айғақтар беруге міндетті емес.»; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшінші бөлiктерiнде көзделген жағдайларда аталған адамдар айғақтар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшiн оларды қандай да бір жауаптылыққа тартуға болмайды.»; 2) мынадай мазмұндағы 668-1-баппен толықтырылсын: «668-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің заңды қызметіне араласу не кедергі келтіру Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оның заңды қызметін жүзеге асыруына араласу не кедергі келтіру – лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»; 3) 684-баптың бірінші бөлігі «668,» деген цифрлардан кейін «668-1,» деген цифрлармен толықтырылсын; 4) 804-баптың бірінші бөлігінің 33) тармақшасындағы «668-баптар» деген сөздер «668, 668-1-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) мынадай мазмұндағы 874-1-баппен толықтырылсын: «874-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу шарттары мен тәртібі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|