Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптауышы мен ақпараттық-анықтамалық карточкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 496 бұйрығы
Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі қызметінің негізгі көрсеткіштері мен бағыттары бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың ортақ деректер базасын кезең-кезеңімен қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ҚР ТЖМ) жүйесінде ақпараттық-аналитикалық жұмыстарды ұйымдастыруға біріңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптауышы; осы бұйрыққа 2-38 қосымшаларға сәйкес Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және оқиғалардың ақпараттық-анықтамалық карточкалары; осы бұйрыққа 39-45 қосымшаларға сәйкес азаматтық қорғау қызметтерінің ақпараттық-анықтамалық карточкалары бекітілсін. 2. ҚР ТЖМ құрылымдық және аумақтық бөлімшелері, ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары: лауазымдық нұсқаулықтарында (функционалдық міндеттерінде) ақпараттық-анықтамалық карточкаларының бөлімдерін толтыруға және ҚР ТЖМ ортақ деректер базасына орналастыруға жауаптылықты көрсете отырып, жауапты қызметкерлерді айқындасын; басшыларға ақпараттық-анықтамалық карточкаларды сапалы және уақтылы толтырылуына дербес жауапкершілікті жүктесін. 3. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық-талдау жұмыс департаменті тұрақты негізде төтенше жағдайлар және табиғи және техногендік сипаттағы оқиғалар жөніндегі ақпараттық-анықтамалық карточкаларды жүйелі талдауда, басқарушылық және өзге де қызметтік қызметте пайдалану бойынша жұмыс жүргізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ТЖМ Аппарат басшысына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|