Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі «Тұқым шаруашылығын дамыту субсидияларының квоталарын белгілеу туралы» № 151 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 132 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына және «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларының 15-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы облысы әкімдігінің «Тұқым шаруашылығын дамыту субсидияларының квоталарын белгілеу туралы» 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 151 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4634 тіркелген, 2018 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын. 2. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|