«Ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама нысанын, сондай-ақ оны толтыру және шығару қағидаларын әзірлеу және бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама нысанын, сондай-ақ оны толтыру және шығару қағидаларын әзірлеу және бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19972 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринария саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру және шығару қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру және шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-25) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру және шығару тәртібін айқындайды.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада: хаттама жасалған күні мен орны; хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөні және тегі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|