2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті туралы
Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 126 шешімі
(2022.02.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және қала әкімдігінің 2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті туралы ұсынысын қарап, Атырау қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2022.28.03. № 149 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.15.06. № 169 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.10.10. № 195 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.02.12. № 203 шешімімен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 320 843 607 мың теңге оның ішінде:
салықтық түсімдер – 277 573 679 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 090 515 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 093 026 мың теңге;
трансферттер түсімі – 33 086 387 мың теңге;
2) шығындар – 326 936 843 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -6 093 236 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 6 093 236 мың теңге;
қарыздар түсімі – 17 564 742 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 11 882 887 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 411 381 мың теңге.
2. 2022 жылға Атырау қаласының бюджетінен облыстық бюджетке аударылатын бюджеттік алып қоюлар көлемі 162 148 659 мың теңге соммасында көзделсін.