Санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі әкімдіктің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 Қаулысымен күші жойылды
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 «Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы» Жарлығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін. 2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 543 қаулысына қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Таран ауданының аумағындағы № 1, № 2, № 4 ұңғымаларының учаскесінде «Викторовское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық-ауыз сумен су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 394 қаулысында (2012 жылғы 25 қазанда «Костанайские новости» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3850 болып тіркелген): тақырып жаңа редакцияда жазылсын: «Бейімбет Майлин ауданының аумағындағы № 1, № 2, № 4 ұңғымалар учаскесінде «Викторовское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|