«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» (2004.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
5-тармақты қоспағанда, ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне үш, оның iшiнде бір бірiншi вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінiң Орта және кәсiптiк білім комитетi (бұдан әрi - Комитет) таратылсын. 4. Комитет таратылғаннан кейiнгi оның мүлкiн басқару жөніндегі өкілеттiк Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне берiледi деп айқындалсын. ҚР Үкіметінің 29.11.03 ж. № 1214 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Мемлекеттік органдар болып табылмайтын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарауында болатын мынадай мемлекеттік мекемелер (бұдан әрi - Мекемелер) құрылсын: 1) Сейсмологиялық тәжiрибе-әдiстемелiк экспедициясы; 2) Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент республикалық әскери мектеп-интернаты; 3) Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты; 4) Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернаты; 5) А.Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыкалық мектеп-интернаты; 6) Республикалық қазақ тілі мен әдебиетiн тереңдетiп оқытатын мектеп-интернаты; 7) О.Жәутiков атындағы республикалық физика-математикалық мектеп-интернаты; 8) Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапханасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|