Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, ведомстволардың, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметінде қалыптасатын құжаттардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 289 бұйрығы (2022.27.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, ведомстволардың, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың іс жүргізу және архивтік жұмысында бірыңғай тәртіпті айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, ведомстволардың, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметінде қалыптасатын құжаттардың қоса беріліп отырған тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының басшылары, аумақтық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың бастықтары: 1) осы бұйрықтың талаптарын зерделеуді ұйымдастырсын; 2) іс жүргізудегі, жедел сақтаудағы және Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорындағы құжаттарды, істерді, журналдарды, картотекаларды сақтау мерзімдерін осы бұйрықпен бекітілген Тізбеге сәйкес келтіру жөніндегі Сараптама-тексеру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын (қажет болған жағдайда); 3) Құжаттамалық қамтамасыз ету (хатшылық, кеңсе) басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) істер, картотекалар және өндіріспен аяқталған істер номенклатурасына қажетті белгілерді (осы бұйрықпен бекітілген Тізбенің тармағына сілтеме жасай отырып, сақтау мерзімін өзгертуді) енгізуді қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|