Ғылымды дамыту жөніндегі ұлттық жобаны және Тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 88 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 4 және 81-тармақтарын іске асыру мақсатында және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Ғылымды дамыту жөніндегі ұлттық жобаны және Тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (Ж.Д. Құрманғалиева): 1) Жұмыс тобының қызметін қамтамасыз етсін; 2) 2021 жылғы 1 сәуірге дейін Ғылымды дамыту жөніндегі ұлттық жобаны және Тұжырымдамасын әзірлесін. 3. Мыналар: 1) «Елдің ғылыми-технологиялық дамуы бойынша ғылымды ұлттық деңгейдегі қолданбалы проблемаларды шешуге тартуға бағытталған бағдарламалық құжатты әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 437 бұйрығының; 2) «Елдің ғылыми-технологиялық дамуы бойынша ғылымды ұлттық деңгейдегі қолданбалы проблемаларды шешуге тартуға бағытталған бағдарламалық құжатты әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 437 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 40 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|