Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы
Осы редакция 2022 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативі бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының санын білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативіне жеткізуді; 2) экономикалық орындылығына қарай және жалпы білім беретін оқу орындары жоқ ауылдық елді мекендерде тұратын балалардың ата-аналарының келісіміне сүйене отырып, мектеп-интернаттардан, мектеп жанындағы интернаттардан орын беру немесе жақын орналасқан жалпы білім беретін мектептерге дейін және кері күнделікті тегін тасу жолымен азаматтардың тегін мектепалды және орта білім (мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) алуын қамтамасыз етсін. 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 300 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 9-10, 110-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қазандағы № 1065 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 42, 443-құжат). 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысымен Бекітілген
Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативі
1. Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңымен кепілдік берілген азаматтардың тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында айқындалған. 2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жалпы саны әрбір ауылдық елді мекенде: 1) мектепалды жасындағы адамдардың саны 5 және одан көп болғанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі; 2) кіші мектеп жасындағы адамдардың саны 5 және одан көп болғанда, бастауыш білім беретін мемлекеттік оқу орнының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі; 3) кіші және орта мектеп жасындағы адамдардың саны 41 және одан көп болғанда, негізгі орта білім беретін мемлекеттік оқу орнының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі; 4) кіші, орта және жоғары мектеп жасындағы адамдардың саны 81 және одан көп болғанда, жалпы орта білім беретін мемлекеттік оқу орнының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. 3. Қалалық жерде тұрғындардың тегін мектепалды және орта білім алуға қажеттілігін қанағаттандыру үшін 2007 жылы 1 қыркүйекте болған мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік ұйымдары және жалпы білім беретін оқу орындары желісінің жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. 4. Оқуға және мектептің жанындағы интернаттарда тұруға мұқтаж оқушылардың саны 10 және одан көп болу шартымен, мемлекеттік мектеп жанындағы интернаттардың жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. 5. Оқуға және мектеп-интернаттарда тұруға мұқтаж оқушылардың контингенті 150 және одан көп болған жағдайда ашылатын мемлекеттік жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. 1) мемлекеттік санаториялық мектеп-интернаттардың; 2) мемлекеттік арнаулы түзету білім беру ұйымдарының; 3) девианттық мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы мемлекеттік мектеп-интернаттардың жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. 7. 2-тармақта көрсетілген нормативтер, білім беру ұйымдары мектепалды және мектеп жасындағы тәрбиеленушілер мен оқушылар тұрақты тұратын елді мекендерден 3 километрден астам қашықтықта болған кезде белгіленеді. Елді мекендердің арасында табиғи кедергілер (өзендер, көлдер және т.б.) болған жағдайда мұндай білім беру ұйымдары бір-бірінен аз арақашықтық жағдайында да құрылуы мүмкін.
|