Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 және «Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 660 бұйрығы (2020.21.12. берілген өзгерістермен)
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабы 3-тармағының 2) тармақшасының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 5-тармағына және 22-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілері туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.21.12. № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер жинағында 2008 жылғы наурызда № 3 жарияланған 311-бап) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесінде: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Гематология (ересектердің)»; 15, 17, 19, 20, 22, 23-тармақтар алып тасталсын; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы*»; 27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «27. Онкология (ересектердің)»; 33-тармақ алып тасталсын; 35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «35. Педиатрия*»; 37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «37. Акушерия және гинекология, соның ішінде балалардың гинекологиясы»; 46-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын: «48. Жалпы хирургия*»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|