2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы (2020.30.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 8-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ: Ақмола облыстық мәслихатының 2020.30.03. № 6С-41-21 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 248 158 363,2 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 26 285 747,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 1 335 731,3 мың теңге; трансферттер түсімдері - 220 536 884,9 мың теңге; 2) шығындар - 248 803 950,2 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 3 337 932,4 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 6 024 731,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 686 798,6 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 136 000,0 мың теңге: қаржы активтерiн сатып алу - 136 000,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -4 119 519,4 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 4 119 519,4 мың теңге. 2. Облыстық бюджетке және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кірістерді бөлудің нормативтері келесі мөлшерде белгіленсін: 1) ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша - 100%; 2) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%; 3) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне әлеуметтік салық бойынша - 100%. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|