2018 - 2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы (2018.01.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/173 «2018 - 2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3497 болып тіркелген) сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018.01.06. № 20/251 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. 2018 - 2020 жылдарға арналған қалалық бюджет қосымшаға сәйкес бекітілсін, оның ішінде 2018 жылға келесідей көлемдерде: 1) кірістер - 15 582 659 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 14 578 650 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 51 891 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 173 961 мың теңге; трансферттердің түсімдері бойынша - 778 157 мың теңге; 2) шығындар - 15 648 351 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 68 190 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 72 150 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 960 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге; мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 133 882 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 133 882 мың теңге; қарыздар түсімі - 72 150 мың теңге; қарыздарды өтеу - 3 960 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 65 692 мың теңге. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|