Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-103/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21218 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы жөнінде мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларында: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Тәуелсіз сарапшыларды медициналық қызметтердің (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптама шеңберінде: 1) мемлекеттік орган; 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары; 3) қор; 4) жеке және заңды тұлғалар тартады»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|