«Денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 580 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 580 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Комиссияның жұмыс органы болып айқындалсын. 3. «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Комиссияның толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етсін.»; көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік департаменті осы бұйрықты қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Б. Әбділдинге жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 885 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 580 бұйрығына 1-қосымша
Денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясының құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|