«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімнде № 6314 болып тіркелген) мынадай өзгерiстер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарында: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. 1000 «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кіші бөлімі - қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында және мемлекеттік мекемелердің шоттарында ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алуға арналған. Бұл кіші бөлім мынадай шоттарды қамтиды: 1010 - «Кассадағы ақша қаражаты», мемлекеттік мекеме кассасындағы ақша қаражатының бар-жоғын және қозғалысын есепке алуға арналған; 1020 - «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты», мемлекеттік мекеме ағымдағы шотындағы ақша қаражатын есепке алуға арналған; 1030 - «Есеп айырысу шоты» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі - СІМ) Қазақстан Республикасының елшіліктері және өзге де ұйымдар алған ақша қаражатын есепке алуға арналған; 1040 - «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - ҚБШ)» мемлекеттік мекеменің, жергілікті өзін-өзі басқарудың қайырымдылық көмектен алынатын, ақылы қызметтер, ақшаны уақытша орналастыру ақшасы бойынша, жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша қаражатын, республикалық және жергілікті бюджеттерге, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді есепке алуға арналған. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|