2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы (2019.28.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 20 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2019.29.03. № 1606/30 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.08.05. № 1617/31 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.28.08. № 1638/33 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 8 317 557 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 1 317 673 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 18 425 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 86 720 мың теңге; трансферттердің түсімдері бойынша - 6 894 739 мың теңге; 2) шығындар - 8 406 026 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - минус 30 000 мың теңге: бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 30 000 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - минус 664 мың теңге: қаржы активтерін сатып алу - 9 200 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 9 864 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті ) - минус 57 805 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 57 805 мың теңге: қарыздар түсімі - 0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 30 000 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 87 805 мың теңге. 2. Шахтинск қаласының бюджетіне 2019 жылға арналған облыстық бюджетке табыстарды нормативтік бөлу келесі көлемдерде бекітілгені ескерілсін: 1) жеке табыс салығы бойынша - 50 пайыздан; 2) әлеуметтік салық бойынша - 50 пайыздан. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|