Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 40-10 шешіміне қосымша
1. Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 3-5 «Орал қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4355 тіркелген, 2016 жылғы 5 мамырда «Жайық үні - Жизнь города» газетінде жарияланған); 2. Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 1 шілдедегі № 5-12 «Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 сәуірдегі №3-5 «Орал қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4467 тіркелген, 2016 жылғы 14 шілдеде «Жайық үні-Жизнь города» газетінде жарияланған); 3.Орал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 27-3 «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5475 тіркелген, 2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|