|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ
2017 жылғы 25 қаңтар
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З. НЫҒМАТУЛИН жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы күн, құрметті депутаттар! Баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Доброе утро, уважаемые коллеги! Прошу всех вас пройти процедуру регистрации. Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын. Құрметті әріптестер, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойынша сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. Күн тәртібі бекітілді. Құрметті әріптестер, күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз. Бірінші мәселе - "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде. Баяндама жасау үшін сөз Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Сәбитұлы Мұхтаров мырзаға беріледі.
МҰХТАРОВ Т.С. Қадірменді Нұрлан Зайроллаұлы! Құрметті депутаттар! Сіздердің қарауларыңызға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік бойынша меморандумды ратификациялау жөніндегі заң жобасы ұсынылады. Меморандумға 2016 жылғы 20 қаңтарда қол қойылды. Меморандумның мақсаты тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілеу болып табылады. Сонымен қатар оқу-жаттығуды өткізу уақытында қабылдаушы тараптың қолдау көрсетуінің негізгі қағидаттарын айқындайды. Оқу-жаттығуларды өткізу жоспарына және қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|