«Ветеринария саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 7-1/529 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 7-1/529 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11893 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген ветеринария саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 413 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|