|
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № 16 Қаулысы Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 17 Қаулысымен күші жойылды Мен, Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нышанов Нұрбек Садықбекұлы, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VІ ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 11 маусымдағы № 27 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 01 шілдедегі № 31 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32 қаулысына, «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ 293/2020 бұйрығына, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамаларына сәйкес, «COVID-19» аурушаңдығы мен вирусты пневмонияның өсуіне байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы» Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 06 шілдедегі № 14 қаулысына мынадай өзгерістермен толықтырулар енгізілсін: 1) қаулының 1-қосымшасы, осы қаулының 1-қосымшасымен ауыстырылсын. 2) қаулының 2-қосымшасы, осы қаулының 2-қосымшасымен ауыстырылсын. 2. «Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 06 шілдедегі № 14 қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 15 қаулысының 1-тармағының 4 тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: - Түркістан облысының аудан, қала әкімдері, қоғамдық денсаулық басқармасы, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялардың, ұйымдардың, өнеркәсіп орындарының меншік нысанына қарамастан, 2021 жылғы 14 шілдедегі № 15 қаулысының 1-қосымшасында белгіленген салаларда қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың басшылары: 1) жұмыскерлерге (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) 2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырсын. 2) профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін; 3) COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектесін. 3. Қаулыны меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті. 4. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволарға жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін. 5. Түркістан облысының аудан және қала әкімдері, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін. 6. Осы қаулы 2021 жылғы 22 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді. Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері | Н. Нышанов |
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № 16 қаулысына 1-қосымша «Аshyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары № | Объектілер / салалар | «Аshyq» жобасына қатысатын объектілердің жұмыс режимі | «Аshyq» жобасына қатыспайтын объектілердің жұмыс режимі | 1 | Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай жұмыс уақыты сағат 7.00-ден 24.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын. | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс уақыты сағат 07.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын. | 2 | Жазғы алаңдар | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай жұмыс уақыты сағат 7.00-ден 24.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын. | ✓ Жұмыс уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын. | 3 | Фуд-корттар | ✓ толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс уақыты сағат 10.00-нан 22.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын | толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын | 4 | Банкет залдары (банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету) | ✓ бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде жұмыс уақыты сағат 7.00-ден 24.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын. | - | 5 | Сауналар | сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын | (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | 6 | СПА-орталықтар | сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын | (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | 7 | Бассейндер | сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын | (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | 8 | Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда | сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын | (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | 9 | Мәдениет объектілері (дайындық) | ✓ 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | - | 10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар * | ✓ 30%-дан асырмай толтырумен, (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | - | 11 | Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | ✓ 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | - | 12 | Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | ✓ 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес, (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | - | 13 | Бильярд | ✓ сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | - | 14 | Компьютерлік клубтар, РlауStation клубтарын қоса алғанда | ✓ сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі, (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | - | 15 | Боулинг | ✓ сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде, (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | - | 16 | Караоке | ✓ 50%-дан асырмай, бірақ 30 адамнан асырмай толтырған кезде жұмыс уақыты сағат 7.00-ден 24.00-ге дейін (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | - | 17 | Көрмелер | ✓ бір адамға 6 ш.м. кем емес, бірақ бір уақытта 150 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | - | 18 | Марафондар (ашық ауада) | ✓ 30 адамнан артық емес, (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | - | 19 | Көрермендермен спорттық іс-шаралар | ✓ 20%-дан артық емес, (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | - | 20 | Ерікті қатысушылар (ЖОО, киноиндустрия, банктер, ұйымдар, офистер және басқалар) | жеңілдіксіз | жеңілдіксіз | 21 | Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары | ✓ бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай, (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | - | 22 | Алаңы 500 ш.м-ден 1000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары | бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай, (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | - | 23 | Алаңы 1000 ш.м-ден 3000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары | ✓ бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай, (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | | 24 | Цирктер | ✓ 30%-дан артық емес, (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | | 25 | Отельдер, қонақ үйлер | + | 80%-дан аспайтын толымдылықпен | 26 | Әуежай | + | + | 27 | ХҚКО | + | Уақыт бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін шектеумен, демалыс және мереке күндері жұмысы тоқтатылсын |
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № 16 қаулысына 2-қосымша Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары № | Объектілер / салалар | Жұмыс режимі | 1 | Өнеркәсіп | + | 2 | Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда) | + | 3 | Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы | + | 4 | Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т.б.). | + | 5 | Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.) | + | 6 | Гүл дүкендері, фотосалондар | + | 7 | Медициналық ұйымдар, дәріханалар | + | 8 | Музейлер, кітапханалар | + | 9 | Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер | + | 10 | Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары | ✓ топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша | 11 | Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша) | алдын ала жазылу бойынша, (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | 12 | Супермаркеттер, гипермаркеттер | + | 13 | Азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған) | Алаңы 2000 ш.м дейін (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | 14 | Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) | (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | 15 | Жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) | (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | 16 | Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, және т. б.) | 80%-дан аспайтын толымдылықпен | 17 | Демалыс үйлері, туристік базалар және жағажайлар | (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | 18 | Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология | ✓ алдын ала жазылу бойынша | 19 | Қоғамдық көлік | ✓ қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, отыратын орындар саны бойынша 50% толтырумен, уақыт бойынша 9.00-23.00-ге дейін шектеумен (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | 20 | Банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері | ✓ уақыт бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін шектеумен | 21 | Мектепке дейінгі мекемелер | ✓ кезекші топтар 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтауды сақтаған кезде | 22 | Ұйымдар, офистер*(ескерту) | 80 % - қашықтықтан, 20 % - күндізгі режим | 23 | Діни объектілер | маска кию режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебімен алаң бөлінген жағдайда мешіттер, православ шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ашық ауада ұжымдық діни іс-шаралар (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиялық дұғалар және басқалар) өткізуге рұқсат етіледі | 24 | Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері | 24-00-ге дейін, (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | 25 | Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек) | + | 26 | Моншалар | (сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) | 21 | Қала маңындағы жолаушылар поездарының (электричкалардың) қозғалысы | ✓ ортақ вагондарсыз | 28 | Жолаушылар поездарының қозғалысы | ✓ ортақ вагондарсыз | 29 | Қалааралық / облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы | - | 30 | СОО, сауда үйлері, сауда желілері | сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын | 31 | Ашық ауадағы аттракциондар, батуттар | сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын | 32 | Балаларды сауықтыру ұйымдары | ✓ толтырылуы 30%-дан артық емес | 33 | Түнгі және ойын клубтары | - | 34 | Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар | - |
* - Ұйым, офис қызметкерлеріне COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі. «+» - қызметке рұқсат етілген; «✓» - қызметке ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген; «-» - қызметке тыйым салынған».
Доступ к документам и консультации от ведущих специалистов
|