|
|
|
29.04.2025 Мемлекеттік қызметшілердің әдебі
Мемлекеттік қызметші — мемлекеттің айнасы. Оның кәсіби біліктілігімен қатар, жеке әдебі де халықтың мемлекеттік билікке деген сеніміне тікелей әсер етеді. Сондықтан мемлекеттік қызметшінің әдебі — қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік. Мемлекеттік қызметшінің әдебі дегеніміз — қызмет барысында және одан тыс уақытта заңға, моральға, қоғамның құндылықтарына сай әрекет етуі. Ол әрқашан сыпайы, әділ, жауапты, парасатты болуы тиіс. Қызметкер азаматтармен қарым-қатынаста құрмет пен сабырлық танытып, өз ісіне адал болғанда ғана мемлекеттік қызметтің беделі артады. Қазіргі таңда елімізде Әдеп кодексі қабылданып, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары нақты көрсетілген. Бұл құжат мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз етуді мақсат етеді. Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметшінің әдебі — тек жеке қасиет емес, мемлекеттің абыройын қалыптастыратын маңызды фактор. Әдептілік пен жауапкершілікке негізделген қызмет қана халық сенімін нығайтады.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман- сот отырысының хатшысы А.А. Есенбаева
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |