Жамбыл облысының Жаңатас қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекiту туралы
Жамбыл облысының Жаңатас қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының Жаңатас қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін. 2. Орталық атқарушы органдар мен Жамбыл облысының әкімдігі Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 781 қаулысымен бекітілген
Жамбыл облысының Жаңатас қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары
Жаңатас қаласы - Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімшілік-өнеркәсіптік орталығы, облыс орталығы - Тараз қаласынан оңтүстік-шығыс бағытында 180 километр қашықтықта орналасқан, 1969 жылы Қаратау фосфорит кендері бассейні игеріле басталғанда құрылған. 2023 жылғы 1 қаңтарға Жаңатас қаласының (бұдан әрі - қала) халық саны 25591 адамды құрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|