«Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ - 214/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ 214/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21695 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 98-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларында: 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 98-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды.»; 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) ауқымды дәріге дейін көнбейтін туберкулез - штаммдары рифампицинге, рифампицинге және изониазидке, сондай-ақ фторхинолон қатарындағы препараттардың біріне (левофлоксацин, моксифлоксацин) көнбейтін туберкулез микобактерияларынан туындаған туберкулез; 2) ауқымды дәріге көнбейтін туберкулез - штаммдары рифампицинге, рифампицинге және изониазидке, сондай-ақ фторхинолон қатарындағы препараттардың біріне (левофлоксацин, моксифлоксацин) және кем дегенде А тобындағы қосымша бір препаратқа көнбейтін туберкулез микобактерияларынан туындаған туберкулез; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|