ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2017.04.10. № 595 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығына 5-қосымша
«Салық төлеушілердің қосылған құн салығын тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2017.04.10. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Салық төлеушілердің қосылған құн салығын тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Көрсетілетін қызметті беруші өтініштердің қабылдауын: 1) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ҚКО) арқылы; 2) «Салық төлеушінің кабинеті» (бұдан әрі - Салық төлеушінің кабинеті) веб-қосымшасы арқылы; 3) заңды тұлға-резидент мемлекеттік тіркелген кезде - Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмi арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді: 1) ҚКО; 2) Салық төлеушінің кабинеті арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою; 2) ҚҚС куәлігін ауыстыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|