Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы (2019.18.11. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына, «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-2-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға, төлем қызметтерін көрсету үшін комиссия төлеуге бөлінген қаражатты пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін. 2. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы: көпбалалы отбасыларға, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлемдер алатын отбасыларға, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедектер бар отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға; жетім балаларға, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті өтеу үшін екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарына ақша қаражатын аударуды; Қазақстан Республикасы азаматтарының айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша кешірілген берешегінің бір бөлігін екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарына өтеуді жүзеге асыратын ұйым болып айқындалсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|