Алматы қаласының 2021 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша бiлiм беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-4) тармақшасына және 62-бабының 6-2 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы қаласының 2021 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекiтiлсiн. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсiн. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|