Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №1299 қаулысымен бекітілген
Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 163 Қаулысымен күші жойылды
«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: облыстың жергілікті атқарушы органының дене шынықтыру және спорт саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті беруші). Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10095 болып тіркелген) бекітілген нысандары бойынша спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі - аккредиттеу туралы куәлік) не «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11276 болып тіркелген) бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 9-1-тармағымен көзделген жағдайлар және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - дәлелді бас тарту). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|