|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № 116-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 99, 106-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39, 44-құжаттар; № 11, 54-құжат; № 12, 61, 63-құжаттар; № 14, 68, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат; № 24-ІІ, 111, 112, 116-құжаттар; 2021 ж., № 1, 1-құжат; 2021 жылғы 6 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру;». 2. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-ІV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 39-құжат; № 11, 57-құжат; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат; № 24-ІІ, 106, 112-құжаттар; 2021 ж., № 1, 1-құжат; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 11 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 16-баптың 23) тармақшасындағы «азаматтық қызметке» деген сөздер «мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2020 ж., № 15-І, 15-ІІ, 76-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат; 2021 жылғы 11 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 209-баптың 2-тармағы «медициналық ұйымдарда» деген сөздерден кейін «, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ «Назарбаев университеті» медициналық ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын. 4. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 106-құжат; № 24-І, 119-құжат; № 24-ІІ, 122-құжат; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39-құжат; № 11, 57-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат; 2021 жылғы 11 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-бапта: 21-4) және 45-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «21-4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қоры - қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар, қайырмалдықтар, гранттар, білім беру ұйымдары құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары есебінен қалыптастырылатын нысаналы капитал қоры, одан түсетін инвестициялық кіріс ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті және (немесе) білім беру қызметін қаржыландыруға бағытталады;»; «45-1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары арасындағы лауазымдық орын ауыстыру;»; мынадай мазмұндағы 45-2) тармақшамен толықтырылсын: «45-2) мемлекеттік оқу бітіру емтиханы - білім алушылардың орта білім беру курсын аяқтағаны туралы куәландыратын, мемлекеттік үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті шарт болып табылатын, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысаны;»; 2) 5-баптың бірінші бөлігінде: 35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «35) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға конкурстық тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын: «35-1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 3) 6-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 24-13) тармақшамен толықтырылсын: «24-13) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;»; 3-тармақ мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын: «27-1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;»; 4) 44-бапта: 3-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 9-3-тармақпен толықтырылсын: «9-3. Мүгедек, жүкті, көпбалалы ата-ана (қорғаншы), он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ата-ана болып табылатын, мүгедек балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) немесе асырауында қарт ата-анасы бар мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын басқа жерге көшуге байланысты ротациялауға олардың келісімімен ғана жол беріледі.». 5. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 4, 36-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 119-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 19-20, 86-құжат): 1) бүкіл мәтін бойынша «жоғары оқу орындары», «жоғары оқу орнында», «жоғары оқу орындарының», «жоғары оқу орындарымен», «Жоғары оқу орындарының», «Жоғары оқу орны», «Жоғары оқу орындары», «жоғары оқу орындарына», «жоғары оқу орны», «жоғары оқу орындарында» деген сөздер тиісінше «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) ғылыми бағыттар сыныптауышы - ғылыми бағыттарды сыныптауды және кодтауды белгілейтін құжат;»; 6) тармақшадағы «қолданбалы зерттеулердің» деген сөздер «қолданбалы ғылыми зерттеулердің» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: «9-1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы есеп - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасын іске асыру нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын құжат;»; 10) тармақша «орындау барысында» деген сөздерден кейін «тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен» деген сөздермен толықтырылсын; 19-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «19-1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қоры - қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар, қайырмалдықтар, гранттар, білім беру ұйымдары құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары есебінен қалыптастырылатын нысаналы капитал қоры, одан түсетін инвестициялық кіріс ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті және (немесе) білім беру қызметін қаржыландыруға бағытталады;»; 23) тармақшадағы «қолданбалы зерттеу» деген сөздер «қолданбалы ғылыми зерттеу» деген сөздермен ауыстырылсын; 25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «25) стратегиялық ғылыми зерттеулер - стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған іргелі не қолданбалы ғылыми зерттеулер;»; 29) тармақшадағы «іргелі зерттеу» деген сөздер «іргелі ғылыми зерттеу» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 3-бапта: 9) тармақшадағы «тәртібін» деген сөз «қағидаларын» деген сөзбен ауыстырылсын; 10) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «10) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларын бекітеді;»; «13) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғаларды айқындайды;»; 4) 4-бапта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;»; мынадай мазмұндағы 2-1), 5-3), 16-1), 16-2) және 16-3) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру;»; «5-3) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту;»; «16-1) «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту; 16-2) ғылыми бағыттар сыныптауышын бекіту; 16-3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке мониторингті жүзеге асыру және ғылымды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету, ғылым саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларын бекіту;»; 18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «18) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларын әзірлеу;»; 5) 5-бап мынадай мазмұндағы 4-6) тармақшамен толықтырылсын: «4-6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысу;»; 6) 7-баптың 2-тармағындағы «ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібіне» деген сөздер «ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларына» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 15-бапта: тақырыптағы «ғылыми ұйымдардың» деген сөздер «ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: бірінші бөлікте: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «1. Көтермелеу мақсатында ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдар, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлері:»; 4) тармақшадағы «ұсынылуы мүмкін.» деген сөздер «ұсынылуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшеріндегі «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын алуға ұсынылуы мүмкін.»; екінші бөліктің екінші абзацындағы «қолданбалы зерттеулерді» деген сөздер «қолданбалы ғылыми зерттеулерді» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 18-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мыналар Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның негізгі міндеттері болып табылады: 1) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру; 2) ғылым бағыттары бойынша басым іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді айқындау; 3) ұлттық ғылыми кеңестердің ұсыныстарын қарау; 4) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемін айқындау және ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша бөлу, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыру көлемін айқындау.»; 9) 19-бапта: 1-тармақтағы «ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамытудың бағыттары бойынша» деген сөздер «ғылым бағыттары бойынша құрылған» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын конкурстық іріктеуді жүзеге асыру;»; 6) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ұсынатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының іске асырылу мониторингінің қорытындыларын қарау, осындай есептер мен мониторингтің қорытындыларын қараудың нәтижелері бойынша шешім қабылдау болып табылады.»; 3-тармақ алып тасталсын; 5-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «5. Ұлттық ғылыми кеңестер ашық дауыс беру арқылы:»; екінші абзацтағы «жобалары мен бағдарламаларын» деген сөздер «ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын тиісті қаржы жылына арналып бекітілген бюджет шеңберінде мемлекеттік бюджет есебінен гранттық және бағдарламалық нысаналы қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату) туралы шешімдер қабылдайды.»; 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «8. Ұлттық ғылыми кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді қабылдайды. 9. Нақты ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға және бағдарламаға (есептерге), оның ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізгені үшін сыйақыны, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іссапар шығыстарын қоса алғанда, ұлттық ғылыми кеңестердің қызметін қамтамасыз етуді Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы мемлекеттік бюджеттен жүргізеді.»; 10) 20-бапта: 1-тармақтағы «және инновациялық жобалар мен бағдарламалар» деген сөздер «жобалар мен бағдарламалар, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; 2) ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру және ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыру; 3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің), сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасы нәтижелерінің қорытындыларын және сараланған тізімін ұлттық ғылыми кеңестерге жіберу; 4) орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің), сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының нәтижелерін бағалау; 5) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру және оның қорытындыларын ұлттық ғылыми кеңестерге жіберу;»; 8) тармақшадағы «және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың» деген сөздер «жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын; 11) 21-бапта: 1-тармақтағы «және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды» деген сөздер «жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға жататын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы құзыретті қазақстандық және шетелдік сарапшылар жүргізеді, олардың негізгі міндеттері ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының ғылыми жаңалығын, ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейін, өзектілігін, перспективалығын, әзірлену дәрежесін және сұралып отырған қаржыландыру көлемінің экономикалық негізділігін ескере отырып, объектілерді сараптамалық бағалау болып табылады. Қазақстандық және шетелдік сарапшыларды іріктеу олардың мамандануына және ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының ерекшеліктеріне сәйкес ғылыми метрикалық көрсеткіштер негізінде жүргізіледі.»; 3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; 4-тармақтағы «және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды» деген сөздер «жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 24-бапта: 3-тармақтағы «ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібінде белгіленген ретпен және шарттармен» деген сөздер «ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларында белгіленген тәртіппен және шарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға арналған шарт ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі немесе дербес білім беру ұйымы мен оның ұйымы және уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыратын заңды тұлғалар арасында олар іске асырылатын бүкіл мерзімге, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |