Осы редакция 2015 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына 2-қосымша
Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидалары
1. Осы жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 30-бабы 1-тармағына сәйкес әзiрленді және жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қоюдың және жоюдың немесе алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандырудың (зарарсыздандырудың) және қайта өңдеудiң тәртiбiн анықтайды. 2. Осы Қағидалардың әрекет етуі қолданылады: 1) жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауiп төндiретiн, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiрумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, өткiзумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғаларға; 2) жануарлардың қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегі функцияларды орындайтын мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға (бұдан әрi - мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар); 3) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға.
2. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|