Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 109 «Ұлытау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Ұлытау аудандық мәслихатының «Ұлытау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 5 наурыздағы № 109 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 108-20 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 5-тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «5) 9 мамыр - Жеңіс күні: Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне - 5 000 000 (бес миллион) теңге; Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне - 300 000 (үш жүз мың) теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|