«Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзiндiк құны есебiнiң нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзiндiк құны есебiнiң нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6856 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 133 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзiндiк құны есебiнiң нұсқаулығында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын ұғымдар: 1) лизингтік төлемдер - есептік кезеңдегі қаржылық лизинг шарты бойынша жалдау ақысының сомасы; 2) кредит бойынша сыйақы - субсидияланатын авиамаршруттарды орындауға жұмылдырылған әуе кемелерінің үлгілерін сатып алуға заем бойынша сыйақы; 3) ұшу сағаты - ұшақтың ұшып көтерілу мақсатында қозғалу сәтінен бастап оның ұшу аяқталғаннан кейін тоқтаған сәтіне дейінгі жалпы уақыт; 4) ұшу сағатының өзіндік құны - рейстер құнын есептеу кезінде құрамдас бөлігі болып табылатын ауыспалы шығыстармен қатар әуе кемелерін пайдаланудың орындылығын бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіш. Синтетикалық көрсеткіштегі сияқты ұшу сағатының өзіндік құнында өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары көрсетіледі: материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану дәрежесі.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|