«Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 116-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 7197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларында: 1- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Түгендеу жүргізу мерзімдері»; 4- тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мемлекеттік мекемелер түгендеуді мынадай мерзімдерде: 1) машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды, өндіріс пен шаруашылық құрал-саймандарын, материалдық емес және өзге де ұзақ мерзімді активтерді - жылына кемінде бір рет 1 қазаннан кейін; 2) ғимараттарды, құрылыстарды, өтпелі құрылыстар мен басқа да жылжымайтын активтер объектілерін (жер учаскелерін, көпжылдық өскіндер мен басқа да жер шаруашылығымен тығыз байланысты, оларды ауыстыру, олардың арнаулы мақсаттарына байланысты шығынсыз болмайтын объектілерді) - жылына кемінде бір рет 1 қазаннан кейін; 3) кітапхана қорларын - бес жылда бір рет, сондай-ақ тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілеген мерзімдерде; 4) жұмыс істейтін және өнім беретін малдарды, малдың төлдерін және бордақыдаға малдарды, құстарды, үй қояндарын, терісі бағалы аңдарды, омарталарды, сондай-ақ тәжірибелік жануарларды - тоқсанына кемінде бір рет; 5) аяқталмаған құрылыс - жылына кемінде бір рет, бірақ 1 желтоқсаннан кейін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|