«Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 169 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 39-бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қoca беріліп отырған «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 59 қаулысымен бекітілді
«Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) бюджетті атқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өзінің атауымен мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|